https://sputnik.kz/20250813/maskeude-grand-skate-tour-2025-khalyqaralyq-skeytbord-festivali-otedi-56350838.html
Мәскеуде "Grand Skate Tour 2025" халықаралық скейтборд фестивалі өтеді
Мәскеуде "Grand Skate Tour 2025" халықаралық скейтборд фестивалі өтеді
Sputnik Қазақстан
Оған 60-тан астам елден 5 мыңнан астам адам қатысады 13.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-13T19:06+0500
2025-08-13T19:06+0500
2025-08-13T19:18+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0d/56349557_0:159:3078:1890_1920x0_80_0_0_94fb6fe1e03d6dc733deb6a0c9e9bbf8.jpg
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. 14-24 тамыз аралығында Мәскеудегі "Ходынское Поле" саябағында Grand Skate Tour 2025 халықаралық көше мәдениеті фестивалі өтеді."Grand Skate Tour Мәскеуге жаңа, кеңейтілген форматта қайта оралды. Бағдарламада скейтбордингпен қатар, лонгбординг, ролик және самокаттар да бар. Ал географиялық қамту жағынан да - елдегі басқа бірде-бір спорттық іс-шара биыл мұнша көп елді алаңға жинамайтын шығар", - деді Ресей скейтбординг федерациясының президенті Илья Вдовин.Оған 60-тан астам елден 5 мыңнан астам қатысушы қатысады, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.Олардың арасында Матиас Дель Олио, Анджело Каро, Габи Мазетто, Дэнни Вэй, Даллас Оберхольцер секілді скейтбординг жұлдыздары бар. Сонымен қатар, роллер-спорт, самокат және лонгбординг жұлдыздары да қатысады.Жарыстардан басқа фестиваль бағдарламасына түрлі мәдени іс-шаралар, білім беру форумы, шеберлік сабақтары, көрмелер және КСРО коньки мұражайына саяхат кіреді.Сайт арқылы фестиваль кестесін қадағалап, шеберлік сабақтарына жазылуға және бағдарламамен танысуға болады.Grand Skate Tour – әртүрлі елдің кәсіби және әуесқой скейтбордшыларын біріктіретін скейт-шаралар сериясы.
https://sputnik.kz/20250728/qazaqstan-reseylik-konditerlik-onimderdi-importtauda-kosh-bastap-tur-56001636.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0d/56349557_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_c579f1ae598b868ceb7c84bb51541c66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Мәскеуде "Grand Skate Tour 2025" халықаралық скейтборд фестивалі өтеді
19:06 13.08.2025 (жаңартылды: 19:18 13.08.2025) Оған 60-тан астам елден 5 мыңнан астам адам қатысады
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. 14-24 тамыз аралығында Мәскеудегі "Ходынское Поле" саябағында Grand Skate Tour 2025 халықаралық көше мәдениеті фестивалі өтеді.
"Grand Skate Tour Мәскеуге жаңа, кеңейтілген форматта қайта оралды. Бағдарламада скейтбордингпен қатар, лонгбординг, ролик және самокаттар да бар. Ал географиялық қамту жағынан да - елдегі басқа бірде-бір спорттық іс-шара биыл мұнша көп елді алаңға жинамайтын шығар", - деді Ресей скейтбординг федерациясының президенті Илья Вдовин.
Оған 60-тан астам елден 5 мыңнан астам қатысушы қатысады, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.
Олардың арасында Матиас Дель Олио, Анджело Каро, Габи Мазетто, Дэнни Вэй, Даллас Оберхольцер секілді скейтбординг жұлдыздары бар. Сонымен қатар, роллер-спорт, самокат және лонгбординг жұлдыздары да қатысады.
Жарыстардан басқа фестиваль бағдарламасына түрлі мәдени іс-шаралар, білім беру форумы, шеберлік сабақтары, көрмелер және КСРО коньки мұражайына саяхат кіреді.
Сайт арқылы фестиваль кестесін қадағалап, шеберлік сабақтарына жазылуға және бағдарламамен танысуға болады.
Grand Skate Tour – әртүрлі елдің кәсіби және әуесқой скейтбордшыларын біріктіретін скейт-шаралар сериясы.