Қазақстан ресейлік кондитерлік өнімдерді импорттауда көш бастап тұр

© Photo : Pixabay / MalasocaБулочки с корицей
Булочки с корицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
Ресейлік өнімдерді импорттаушы елдердің бестігіне Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстан кірді
АСТАНА, 28 шілде - Sputnik. Ресей ұннан дайындалған кондитерлік өнімдердің экспортын 9%-ке арттырды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауды дамыту Федералды орталығы.
Жарты жыл ішінде Ресей 312 миллион доллардан астам қаражатқа 132 мың тонна өнім сатты.
Сатып алушылар арасында бірінші орында Қазақстан тұр.
Сондай-ақ импорттаушы елдердің бестігіне Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстан кірді.
Ресейлік жеткізілімдерді негізінен нан және ұннан жасалған басқа да кондитерлік өнімдер, тәтті құрғақ печенье; вафли мен кептірілген нан құраған.
Теміржол арқылы көмір экспорты жыл басынан бері 14% өсті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Үндістан мен Түркияға көмір экспорты екі есеге артты - ҚТЖ
Жаңалықтар
0