Биыл әуе жолаушыларының саны рекордтық деңгейге жетті

© Photo : АО "НК "КТЖ"Новый терминал международного аэропорта Астаны
Новый терминал международного аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
Тек шілде айында Қазақстанның әуе компаниялары 1,7 миллион адамды, ал жыл басынан бері 8,9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. 2025 жылдың шілдесінде әуе жолаушыларының саны рекордты жаңартты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"2025 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыс істейтін авиакомпаниялар 1,7 млн адамға қызмет көрсетті – бұл 2024 жылғы шілдеге қарағанда 12,9%-ке артық", - деп хабарлады ведомство.
Жыл басынан бері жолаушылардың жалпы саны да, жолаушылар айналымы да ең жоғары деңгейге жетті: қаңтар-шілде айларында 8,9 млн-нан астам адамды және 17,6 млрд жолаушы-километрді құрады, өсім (жылдан жылға) тиісінше 7,3%-ке және 8,9%-ке артты, дейді ведомство.
Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыс та өсті - шілдеде 113 млрд теңгеге ($208,4 млн) жетті, бұл бағаның өсуін ескерсек те, өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-ке артық.
Жеті айдағы нәтиже - 500 млрд теңге ($922 млн), алайда жылдық динамика төмен.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Әуе апаты көбейді – қорқынышты статистика
Жаңалықтар
0