Әуе апаты көбейді – қорқынышты статистика

© AP Photo / STRАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
IATA мәліметі бойынша әлемде былтыр 40,6 миллион рейс жасалды
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Соңғы 13 жылда Қазақстанда 68 әуе апаты болып, 124 адам көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның авиация әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ranking.kz.
Өткен жылы елде алты авиациялық оқиға тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Былтыр коммерциялық авиацияда бір ғана оқиға, ал авиациялық жұмыстар мен оқу ұшуларын орындау кезінде 5 апат болды.
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің саны 2023 жылы 6 адамнан 2024 жылы 39 адамға дейін өсті. Оның ішінде 38 адам коммерциялық авиацияда ұшақ апатынан, бір адам авиациялық жұмыстар кезінде қайтыс болды.
Бір жыл бұрын екі ұшақ апатынан алты адам қаза тапты, екі апат та авиациялық жұмыстарда болған.
"Жалпы Қазақстан әуежайларында былтыр 29,4 млн жолаушыға, 2023 жылы 25,9 млн жолаушыға қызмет көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
IATA мәліметі бойынша әлемде былтыр 40,6 миллион рейс жасалды — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,2%-ке көп. Ал авиациялық апаттар саны 2023 жылы 42-ден 2024 жылы 46-ға дейін өсті, яғни бір миллион рейстің апаттық коэффициенті 1,09-дан 1,13-ке дейін көтерілді.
Әлем бойынша бір жылда ұшақ апатының саны жетіге дейін артты. Ал ұшақ апатынан зардап шеккендердің саны бірден 3,4 есеге, яғни 72-ден 244 адамға дейін өсті.
Гуджараттағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Үндістандағы ұшақ апаты: бір жолаушы аман қалды
Жаңалықтар
0