Мәскеуде 7 елдің қаржы өкілдері бас қосты

© Photo : Пресс-служба посольства России в Казахстане В Москве стартовала программа для молодых финансовых разведчиков "Новое поколение 2025"
 В Москве стартовала программа для молодых финансовых разведчиков Новое поколение 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың жеті елінен келген делегация Мәскеуде оқудан өтті
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Мәскеуде қаржы мониторингінің халықаралық оқу-әдістемелік орталығының алаңында жас қаржы барлаушыларына арналған "Жаңа ұрпақ 2025" оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
Қатысушылар алдында Ресей қаржы мониторингінің директоры Юрий Чиханчин және "Россотрудничество" басшысының орынбасары Дмитрий Поликанов сөз сөйледі.
"Жаңа ұрпақ 2025" бағдарламасы қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық қозғалыс негізінде үшінші рет өткізіліп отыр.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың жеті елінің - Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері Ресейдің Орталық банкіне және басқа да қаржы ұйымдарына барады.
Сонымен қатар оқу бағдарламасында дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік кластары және кейс-ойындар бар.
В Москве проходит 42-е Пленарное заседание Евразийской группы по противодействию легализации преступных доходов и финансированию терроризма (ЕАГ) - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Банктерді алаяқтардан қалай қорғауға болатынын Қазақстан, Ресей және басқа 15 ел талқылады
Жаңалықтар
0