Банктерді алаяқтардан қалай қорғауға болатынын Қазақстан, Ресей және басқа 15 ел талқылады

© Sputnik . Скриншот видео В Москве проходит 42-е Пленарное заседание Евразийской группы по противодействию легализации преступных доходов и финансированию терроризма (ЕАГ)
В Москве проходит 42-е Пленарное заседание Евразийской группы по противодействию легализации преступных доходов и финансированию терроризма (ЕАГ) - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Форумға Қазақстан атынан сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Орынбеков қатысты
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың 42-ші пленарлық отырысында банктерді алаяқтардан қалай қорғауға болатынын Қазақстан, Ресей және басқа 15-тен астам ел талқылады.
Ресей министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустиннің мәліметінше Еуразиялық топ 20 жыл ішінде қаржы ағындарының ашықтығына, тәуекелдерді дер кезінде анықтауға және барынша азайтуға, оларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін мемлекетаралық әріптестіктің тиімді моделін қалыптастырды.
Еуразиялық топ төрағасы Юрий Чиханчин жалпы тәуекелдер мен қауіптерді азайту үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды.
"Трансұлттық қылмыс, терроризм, жемқорлық, есірткінің заңсыз айналымы, сондай-ақ жаңа технологиялар мен виртуалды активтерді қылмыстық мақсатта пайдалану әрекеттері біз үшін ортақ қауіп-қатерлер болып қалып отыр. Ал аймақтық үйлестіру тетіктерін дамыту мен бірлескен күш-жігердің арқасында сол қауіп-қатерлерге қарсы күресте жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік бар", - деді Чиханчин.
Қазақстанның атынан форумға сенаттың қаржы және бюджет комитетінің депутаты Бекболат Орынбеков қатысты. Ол Еуразиялық топтың бағалауынан кейін халықарлық сарапшылар анықтаған кемшіліктер қалай жойылып жатқанын айтып берді.
Человек за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Алаяқтар жасанды интеллекттің көмегімен халықты қазақ тілінде алдап үйренді
Жаңалықтар
0