Жамбыл облысында елден көмек сұраған балалардың ісі бойынша жұмыс тобы құрылды

© Photo : Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты
Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Жазылу
Өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты зерделенеді
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Талас ауданында қорлық көрдік деп, елден көмек сұраған балаларға қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше өңір әкімі Ербол Қарашөкеев аталған мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруға тапсырма берген.
Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жұмыс тобы мәселені толық анықтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бойынша зерделеу және тексеру жұмыстарын жүргізеді.
"Зерделеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жолданады. Қазіргі таңда тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Осы секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты зерделенеді.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында екі бала 5 жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын айтып, елден құтқаруды сұраған болатын. Желіде тараған видеода олар еркінен тыс қой бағып жүргендерін айтады. Балалардың үлкенінің сөзіне қарағанда олар анасымен және өгей әкесімен бірге тұрады.
"Туған әкеме барғым келеді, анам араша болғысы келеді, бірақ өзі де қорқады. Егер бізге көмектеспесеңыздер, екеуміздің біріміз өлеміз", – дейді ол.
Облыстық полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мальчик - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
"Бес жыл бойы қорлық көрдік": Жамбыл облысында екі бала елден көмек сұрады (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0