Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Пассажирский поезд Актобе-Астана
Пассажирский поезд Актобе-Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Жазылу
Жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып ала алады
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет.
"Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсімді пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілген сәттен бастап бір сағат ішінде орындау керек", - деп ескертті компания мамандары.
Билетті қайтару үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады.
"Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленеді", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ осындай жағдайлардан сақтану үшін жолаушыларға вокзалға ертерек келуді ұсынды.
112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады - ҚТЖ
Жаңалықтар
0