Барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады - ҚТЖ

112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады
112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Қазір барлық жаңа жолаушылар вагоны интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізіліп жатыр
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 2025 жылдың соңына дейін 112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылықты және жедел ден қоюды арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Пойыздарда 4000 камера орнатылған", - деп жазылған хабарламада.

Бейне жүйелер ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, құқық бұзушылықтарды тіркеуге және қалдырылған заттарға қатысты әрекет етуге мүмкіндік береді, дейді компаниядағылар.
Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмендеп, шағымдар 32%-ға азайды және ұмытылған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылды.
Айта кетері, барлық жаңа жолаушылар вагоны интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізіліп жатыр.
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазғы кезеңде 11 бағыт бойынша қосымша пойыз вагондары жалғанады
Жаңалықтар
0