Жазғы кезеңде 11 бағыт бойынша қосымша пойыз вагондары жалғанады

Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды. Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыттар бойынша қатынау жиілігі арттырылатын болады.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады.
Қатынайтын қосымша пойыздар бағыты мынандай:
1.
№253/254 "Астана — Достық" (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
2.
№207/208 "Алматы — Жаланашкөл" (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
3.
№211/212 "Алматы — Достық" (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
4.
№221/222 "Алматы — Достық" пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
5.
№457/458 "Семей — Достық" пойызы күнара қатынайды.
6.
№459/460 "Өскемен — Достық" пойызы күнара қатынайды.
7.
"Алматы — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
8.
"Қызылорда — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
9.
"Павлодар — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
10.
№201/202 "Астана — Алматы" пойызы күн сайын жүреді.
11.
№203/204 "Астана — Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.
Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0