Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап аман қалды

© Photo : МЧС КазахстанаАстанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап аман қалды
Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап аман қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Жазылу
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 11 тамыз - Sputnik. Астанада көпқабатты тұрғын үйден бала құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
6 жастағы бала 9-қабаттан құлап, екінші қабаттың күнқағарына түскен.
Куәгердің айтуынша оны екінші қабатта бір әйел құлап кетпеуі үшін қолынан ұстап тұрған. Ал үш жігіт пәтерге қарай жүгірген. Олардың бірі күнқағарға көтеріліп, баланы терезеден ішке кіргізген. Бала үйіне кіргенде есін жиып, жылай бастаған.

"2019 жылғы бала жедел жәрдем желісі арқылы 2-ші көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың дене жарақаттары көп, жағдайы ауыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Терезе алдындағы бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жаңалықтар
0