https://sputnik.kz/20250520/zhyl-basynan-beri-60-bala-terezeden-qulagan-53692373.html
Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Sputnik Қазақстан
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T09:17+0500
2025-05-20T09:17+0500
2025-05-20T09:19+0500
төтенше жағдай
терезе
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53456038_0:229:960:769_1920x0_80_0_0_4c20e342b3c9edeb57078b0b87b33cf2.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдірді.Ведомствоның хабарлауынша, жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады.Министрлік мәліметінше, 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, мұндай жазатайым жағдай ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында болады. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.Азаматтардың қауіп-қатер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
https://sputnik.kz/20250510/atyrauga-totenshe-zhagday-qyzmetinin-qazhettilikterine-arnalgan-ushaq-zhetkizildi-53433010.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53456038_0:205:960:925_1920x0_80_0_0_ee0b034c54a125eec81b6582fac73887.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, терезе
Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
09:17 20.05.2025 (жаңартылды: 09:19 20.05.2025) 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады.
"Осы жылдың басынан бастап балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға тіркелген. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, мұндай жазатайым жағдай ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында болады. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың қауіп-қатер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.