https://sputnik.kz/20250510/atyrauga-totenshe-zhagday-qyzmetinin-qazhettilikterine-arnalgan-ushaq-zhetkizildi-53433010.html
Атырауға төтенше жағдай қызметінің қажеттіліктеріне арналған ұшақ жеткізілді
Атырауға төтенше жағдай қызметінің қажеттіліктеріне арналған ұшақ жеткізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Атырау халықаралық әуежайында төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көп мақсатты ұшағы салтанатты түрде... 10.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-10T15:52+0500
2025-05-10T15:52+0500
2025-05-10T15:53+0500
ұшақ
атырау
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0a/53432530_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e9409f313e20086dda32ab3cd06a5d69.jpg
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Атырау халықаралық әуежайында төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көп мақсатты ұшағы салтанатты түрде берілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Бұл әсіресе Атырау облысы сияқты шекара маңындағы және мұнай өндіретін өңірлер үшін өзекті болып отыр, онда іс-қимылдардың жеделдігі адамдар мен инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.L 410 - әуе паркін жаңарту аясында ТЖМ-ге келіп түскен осы типтегі екінші ұшақ. Жақын арада Қазақстанға тағы екі жаңа ұшақ келеді деп күтілуде, бұл құтқару авиациясының әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.Ұшақ 19 жолаушыға дейін немесе 1800 кг-ға дейін жүк көтереді, дайын емес жерлерде қонуға қабілетті және температураның кең диапазонында жұмыс істейді — -50-ден +50 °C-қа дейін.Бұл ұшақты сатып алуға өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай жәрдемдескен.Жақын арада Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен оны сақтау және техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталады. Сондай-ақ өңір экипажды жұмыс және демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге қатысады.Пайдалануға берілгенге дейін экипаж Чехияда — ұшақ өндірушісі, Omnipol жанындағы оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.
https://sputnik.kz/20250421/dosymnyn-somkesinde-bomba-bar-zhasospirim-ushaqty-ush-sagatqa-keshiktirdi-52705418.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0a/53432530_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_072ee4a31bf187b5f30639aa10548b5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, атырау
Атырауға төтенше жағдай қызметінің қажеттіліктеріне арналған ұшақ жеткізілді
15:52 10.05.2025 (жаңартылды: 15:53 10.05.2025) АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Атырау халықаралық әуежайында төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көп мақсатты ұшағы салтанатты түрде берілді, деп хабарлайды
төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұл әсіресе Атырау облысы сияқты шекара маңындағы және мұнай өндіретін өңірлер үшін өзекті болып отыр, онда іс-қимылдардың жеделдігі адамдар мен инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
"L 410 Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Авиациялық паркінің бөлігі болады. Компания базасында "солтүстік–оңтүстік, батыс–шығыс" қағидаты бойынша елдің бүкіл аумағын қамтитын 20 авиаотряд құрылатын болады. Бұл ел басшылығының қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне басымдық беруінің арқасында мүмкін болды", - деді салтанатты шараға қатысқан Шыңғыс Аринов.
L 410 - әуе паркін жаңарту аясында ТЖМ-ге келіп түскен осы типтегі екінші ұшақ. Жақын арада Қазақстанға тағы екі жаңа ұшақ келеді деп күтілуде, бұл құтқару авиациясының әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Ұшақ 19 жолаушыға дейін немесе 1800 кг-ға дейін жүк көтереді, дайын емес жерлерде қонуға қабілетті және температураның кең диапазонында жұмыс істейді — -50-ден +50 °C-қа дейін.
"Модель санитарлық авиацияға да бейімделген. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жүйелер орнатылған. Қажет болса, ұшақ ұшу кезінде өмірлік маңызды функцияларды сақтау үшін медициналық техникамен қосымша жабдықталуы мүмкін. Барлық қажетті жабдықтар ТЖМ қарамағына берілді", - дейді министрліктегілер.
Бұл ұшақты сатып алуға өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай жәрдемдескен.
Жақын арада Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен оны сақтау және техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталады. Сондай-ақ өңір экипажды жұмыс және демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге қатысады.
Пайдалануға берілгенге дейін экипаж Чехияда — ұшақ өндірушісі, Omnipol жанындағы оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.