"Досымның сөмкесінде бомба бар": жасөспірім ұшақты үш сағатқа кешіктірді

© Sputnik / Владислав ВодневСамолеты на взлетно-посадочной полосе
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
FlyArystan қазіргі уақытта рейстің кешігуіне байланысты қаржылық шығындарды есептеп жатыр
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы – Қарағанды рейсінің 16 жастағы жолаушысы досының сөмкесінде бомбасы бар екенін айтып, рейсті 3 сағатқа кешіктірді, деп хабарлады Flyarystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
"19 сәуірде Алматы – Қарағанды бағыты бойынша Fs7121 рейсіне қону кезінде жолаушылардың бірі (2009 жылы туған) досының сөмкесінде бомба бар екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Салдарын ұшаққа отырғызу тоқтатылып, ұшақ мұқият тексерілген.
Бомба табылған жоқ, бірақ рейс 2 сағат 44 минутқа кешіктірілді.
"FlyArystan әуе компаниясы қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және қажетті рәсімдерді жүргізуге байланысты қаржылық шығындарды есептеп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ компания жалған ақпарат берген жасөспірімнің заңды өкілімен залалды өтеу туралы келісетінін айтты.
Саперлер оқу-жаттығуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Қостанайда сауда үйіндегі бомба туралы кім жалған хабар бергені анықталды
Жаңалықтар
0