Қостанайда сауда үйіндегі бомба туралы кім жалған хабар бергені анықталды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСаперлер оқу-жаттығуы
Саперлер оқу-жаттығуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Ол – облыс мектептерінің бірінде оқитын 8-сынып оқушысы болып шықты
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қостанайда терроризм туралы жалған хабар берген оқушы анықталды, –еп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайдағы сауда ойын-сауық орталығының әкімшісі белгісіз нөмірден жарылғыш зат орнатылғаны туралы SMS-хабарлама алған. Ықтимал қауіп туралы ақпаратты қауіпсіздік қызметінің бастығы шұғыл түрде тиісті органдарға жеткізген.
Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері ғимаратты және оның аумағын мұқият тексеріп, жарылғыш зат жоқ екенін анықтаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы күдіктінің ізіне түсті. Ол – облыс мектептерінің бірінде оқитын 8-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, бұған дейін де осындай жалған хабарлама жасағанын растады. Атап айтқанда, 26 ақпанда ол Садчиков мектебінде бомба бар деп хабарлаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған оқушы мен ата-анасының, психологтың және әлеуметтік педагогтың қатысуымен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаларға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты.
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Ақтау тұрғыны сүйіктісін тоқтату үшін әуежай мен теңіз портына "бомба қойған"
Жаңалықтар
0