https://sputnik.kz/20250810/toqaev-azerbayzhan-prezidentin-quttyqtady-56279247.html
"Астана келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын": Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады
"Астана келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын": Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 10.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-10T16:48+0500
2025-08-10T16:48+0500
2025-08-10T16:53+0500
қасым-жомарт тоқаев
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/18/40400673_0:54:1280:774_1920x0_80_0_0_9685d6cecdba5a5ef4a61d4b2a5aef2e.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. Тоқаев алдымен Әлиевті АҚШ президентінің белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады. Осы орайда Қазақстан басшысы бұл құжатқа халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ жарғысына сәйкес қол қойылғанын атап өтті.Мемлекет басшысы Астананың алдағы уақытта келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын екенін растады. Ильхам Әлиевтің көшбасшылығымен Әзербайжанның халықаралық аренада абырой-беделі арта түскенін де ерекше атап өтті.Әлиев өз кезегінде Тоқаевтың құттықтауына ризашылығын білдіріп, ұзақ жылдарға ұласқан нәтижесіз келіссөздерден кейін осындай келісімге келудің тарихи маңызы зор екеніне назар аударды. Әзербайжан басшысы өз елінің Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.Ертең, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесуді де жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20250810/toqaev-pen-zelenskiy-telefon-arqyly-soylesti-56279075.html
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/18/40400673_88:0:1192:828_1920x0_80_0_0_8c513397f8918b9ee152bbe679136c1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан
"Астана келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын": Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады
16:48 10.08.2025 (жаңартылды: 16:53 10.08.2025) АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев алдымен Әлиевті АҚШ президентінің белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады. Осы орайда Қазақстан басшысы бұл құжатқа халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ жарғысына сәйкес қол қойылғанын атап өтті.
"Тиісінше, бұл Әзербайжан мен Арменияның стратегиялық мүдделеріне толығымен сай келеді, сондай-ақ Кавказда халықаралық ынтымақтастықтың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Қазақстан Әзербайжанның стратегиялық серіктесі ретінде өңірде көптен күткен бейбітшіліктің орнауын шын ниетпен қолдайды", - делінген ресми хабарламада.
Мемлекет басшысы Астананың алдағы уақытта келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын екенін растады. Ильхам Әлиевтің көшбасшылығымен Әзербайжанның халықаралық аренада абырой-беделі арта түскенін де ерекше атап өтті.
Әлиев өз кезегінде Тоқаевтың құттықтауына ризашылығын білдіріп, ұзақ жылдарға ұласқан нәтижесіз келіссөздерден кейін осындай келісімге келудің тарихи маңызы зор екеніне назар аударды. Әзербайжан басшысы өз елінің Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Ертең, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесуді де жоспарлап отыр.