Қазақстандық фильм АҚШ-тағы кинофестивальде үздіктер қатарына енді

© Photo : prp.kzАлина Мұстафина түсірген "Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" деректі фильмі
Алина Мұстафина түсірген Пряники для её отца, моего прадеда, её деда деректі фильмі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2025
Жазылу
АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтіп жатыр
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанның режиссері Алина Мұстафина түсірген фильм АҚШ-тағы фестивальде үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мұстафинаның "Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" деректі фильмі 48-ші Asian American International Film Festival аясында "Деректі кино саласындағы перспективті режиссер" номинациясы бойынша үздіктер қатарына енді. Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен 12 картина ғана ұсынылған.
"Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" - роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Онда адамның түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен өткенге қайта оралу сияқты тақырыптар қозғалады", - деп жазылған хабарламада.
АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтіп жатыр. Ал марапаттау рәсімі Манхэттенде ұйымдастырылады.
Айта кетері, бұған дейін бұл туындының премьерасы Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) және Турин кинофестивалінде (Италия) өтті. Ал Cinema Verite фестивалінде (Иран) "Үздік фильм" гран-приін, "Бастау" фестивалінде (Қазақстан) "Үздік дебют" жүлдесін жеңіп алды.
Бауырына салу фильмін түсіруге не себеп болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
"Бауырына салу" фильмі Италиядағы кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды
Жаңалықтар
0