https://sputnik.kz/20250810/qazaq-tazysy-khelsinkide-otken-duniezhuzilik-kormede-zhuldeli-oryndarga-ie-boldy-56280053.html
Қазақ тазысы Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде бірнеше жүлделі орынға ие болды
Қазақ тазысы Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде бірнеше жүлделі орынға ие болды
Sputnik Қазақстан
Сайысқа апарған 8 тазының бесеуі жүлделі орындарды жеңіп алды 10.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-10T18:08+0500
2025-08-10T18:08+0500
2025-08-10T18:47+0500
қазақтың тазысы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0a/56280518_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_043a8821cc648dca4f239383caa30e3e.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Хельсинкиде өткен "World Dog Show 2025" дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарды. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.Қазақтың тазысы алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. "2025 жылғы әлемнің жас чемпионы" аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз атанды, Лашын мен Ару әлем чемпионы, Көксерек пен Пана әлемнің вице-чемпиондары атағына ие болды.Бұған қоса, Лашын мен Ару Финляндия чемпиондары ретінде марапатталды.
https://sputnik.kz/20240723/qazaqstandyq-galymdar-tazy-tuqymynyn-genetikasyn-zerttedi-45840018.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0a/56280518_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_ebe3f78192492ae93d65fd54f9745884.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақтың тазысы
Қазақ тазысы Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде бірнеше жүлделі орынға ие болды
18:08 10.08.2025 (жаңартылды: 18:47 10.08.2025) Сайысқа апарған 8 тазының бесеуі жүлделі орындарды жеңіп алды
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Хельсинкиде өткен "World Dog Show 2025" дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.
Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарды. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.
Қазақтың тазысы алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. "2025 жылғы әлемнің жас чемпионы" аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз атанды, Лашын мен Ару әлем чемпионы, Көксерек пен Пана әлемнің вице-чемпиондары атағына ие болды.
Бұған қоса, Лашын мен Ару Финляндия чемпиондары ретінде марапатталды.