Үкімет Астананың жылу маусымына дайындығын тексерді

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КазахстанаРоман Скляр проверил ход подготовки объектов энергетической инфраструктуры Астаны
Роман Скляр проверил ход подготовки объектов энергетической инфраструктуры Астаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Жазылу
Биыл станса жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 7,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанадағы энергетикалық нысандарының жылу беру маусымына дайындығын тексеріп шықты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Бүгінде ЖЭО–2 қаладағы ең үлкен жылу және электр энергиясы көзі болып саналады. Онда 8 энергетикалық қазандық, 6 ыстық су қазандығы мен 6 турбоагрегат бар.
Биыл станса жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 7,3 млрд теңгеден астам қаржы, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек тағы бірқатар нысандарға қыруар қаражат жұмсалды. Олар:
ЖЭО –1-ді күрделі және ағымдағы жөндеуге - 1,4 млрд теңгеден астам қаражат.
"Тұран" ГЖС жылу тарату желілерін салуға - 18,8 млрд тенге;.
"Арай" қосалқы стансасының құрылысы;
"Тельман" ГЖС құрылысына – 76,8 млрд теңге.
Тексеру қорытындысы бойынша Роман Скляр барлық жөндеу-құрылыс жұмысын уақтылы аяқтаудың, сондай-ақ елорда тұрғындарын жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Үкімет Оралдың жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар
0