https://sputnik.kz/20250804/ukimet-oraldyn-zhylu-magistralin-rekonstruktsiyalauga-25-mlrd-tenge-boldi-56154960.html
Үкімет Оралдың жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет Оралдың жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Орал қаласының жылу магистралды желілері өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T20:44+0500
2025-08-04T20:44+0500
2025-08-04T20:44+0500
орал
жылу желісі
жол жөндеу
жөндеу жұмыстары
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199725_0:143:1200:818_1920x0_80_0_0_be74f2cb6ecd8871c2acd8041925a2ae.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желісін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.№2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап "Сити Центр" сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды.Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтуға, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.Жалпы, Орал қаласының жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тозу деңгейі 50%-ды құрайды.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199725_0:30:1200:930_1920x0_80_0_0_5f65ae07672adf7ff5aadb0223b12e63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, жылу желісі, жол жөндеу, жөндеу жұмыстары
орал, жылу желісі, жол жөндеу, жөндеу жұмыстары
Үкімет Оралдың жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді
Орал қаласының жылу магистралды желілері өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желісін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
№2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап "Сити Центр" сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды.
"Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозды", - деп жазылған хабарламада.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.
Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтуға, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы, Орал қаласының жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тозу деңгейі 50%-ды құрайды.