https://sputnik.kz/20250809/askeri-tikushaq-apaty-bir-adamnyn-mayiti-tabyldy-56268701.html
Әскери тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті табылды
Әскери тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Әуе кемесінің сынықтары мен бір адамның мәйіті шамамен 14 метр тереңдікте табылды 09.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-09T13:11+0500
2025-08-09T13:11+0500
2025-08-09T13:21+0500
тікұшақ
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56029314_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_27cab5f4c1b61505203b2f8b42cbe863.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Сорбұлақ көлінен адам мәйітінің табылғанын хабарлады.Ресми мәліметке сәйкес, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулерді жасап берді. Соның негізінде тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағы белгіленді.Көлдің түбіндегі лай сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатып отыр. Себебі судың асты дұрыс көрінбейді."Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етуде", - дейді министрлік мамандары.Айта кетері, әскери тікұшақ 25 шілде күні радардан жоғалған болатын. Бортта экипаждың үш мүшесі болды. Тікұшақты іздестіру жұмыстарын қорғаныс министрлігі басқарып отыр.
https://sputnik.kz/20250804/su-tubi-laylangan-eshtene-korinbeydi-almaty-oblysynda-zhogalgan-tikushaq-ali-tabylmady-56152619.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56029314_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_431c46de95900b2c28a4c7a6ad9c32e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тікұшақ
Әскери тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті табылды
13:11 09.08.2025 (жаңартылды: 13:21 09.08.2025) Әуе кемесінің сынықтары мен бір адамның мәйіті шамамен 14 метр тереңдікте табылды
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Сорбұлақ көлінен адам мәйітінің табылғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулерді жасап берді. Соның негізінде тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағы белгіленді.
"Аталған ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді. Су астындағы жұмыстар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады. Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Көлдің түбіндегі лай сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатып отыр. Себебі судың асты дұрыс көрінбейді.
"Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етуде", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, әскери тікұшақ 25 шілде күні радардан жоғалған болатын. Бортта экипаждың үш мүшесі болды. Тікұшақты іздестіру жұмыстарын қорғаныс министрлігі басқарып отыр.