"Су түбі лайланған, ештеңе көрінбейді": Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмады

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жазылу
11 күннен бері іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп келеді
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасовтың айтуынша жүріп өту қиын аудандарға әуеден шолулар жасалып, жағалау белдеуі мен көл акваториясы тексеріліп жатыр.

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Су асты және жер үсті іздеулеріне арнайы жабдықтарды пайдаланатын ғылыми және техникалық ұйымдар тартылған. Сонымен бірге техникалық тергеу жалғасуда. Комиссия әуе кемесін дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттаманы, құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдарын, тікұшақ бағытындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды және басқа да факторларды зерделеп жатыр", – деді ол.
Іздеу жұмыстары жоғалған тікұшақтың экипаж мүшелерінің тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталғанға дейін жалғасады.

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетері, 11 тәуліктен бері жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 330-дан астам адамы, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық есептоптар тартылған.

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысуда.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып, құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді. Комиссияның бір бөлігі іздестіруге жұмылдырылған, тағы бір бөлігі авиациялық инцидентті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

1/3
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

2/3

3/3

Көл түбінің лайланып, ештеңенің көрінбеуі, ауа райының құбылуы сияқты қиын жағдайларға қарамастан, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп келеді.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында үш экипаж мүшесі бар әскери тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті.