Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Photo : АкордаҚазақстан мен Ресей президенттері
Қазақстан мен Ресей президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Жазылу
Әңгімелесу барысында президенттер жыл соңына дейін өтетін жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелерін талқылады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремль.
Владимир Путин қазақстандық әріптесіне "одақтастық пен стратегиялық серіктестіктің ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастары рухында" Украина дағдарысын реттеу бойынша Вашингтонмен диалогтың барысы, соның ішінде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен жақында өткен кездесудің негізгі нәтижелері туралы айтып берді, делінген хабарламада.
"Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат үшін ризашылығын білдіре отырып, қақтығысты бейбіт жолмен шешу жолдарын іздеуге бағытталған қадамдарды құптады", - деп хабарлады Кремль.
Сонымен қатар, тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың және өнеркәсіп пен энергетикадағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың практикалық аспектілеріне баса назар аудара отырып, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды талқылады.
Ракеты Победы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Тоқаев пен Путин Байқоңырға барады
Жаңалықтар
0