https://sputnik.kz/20250808/sheteldikti-102-mln-tengege-aldagan-qylmystyq-top-ustaldy-56254071.html
Шетелдікті 102 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды
Шетелдікті 102 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қаскөйлер жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген 08.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-08T22:50+0500
2025-08-08T22:50+0500
2025-08-08T22:50+0500
алаяқ
алаяқтық
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56250903_18:0:1124:622_1920x0_80_0_0_afdaf63f43ae58e5b902a725cc7ed1a7.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған.Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген.Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті.Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20250723/astana-turgyny-alayaqtyq-zhasagany-ushin-ekinshi-ret-sottaldy--55857007.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56250903_157:0:986:622_1920x0_80_0_0_bfc0cf71af1823267b26d08718215cbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, шетелдік
алаяқ, алаяқтық, шетелдік
Шетелдікті 102 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды
Қаскөйлер жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған.
Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген.
Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
"Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды. Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.