Астана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін екінші рет сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoАстана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін екінші рет сотталды
Астана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін екінші рет сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Жазылу
Бұл жолы ол 49 адамды 82 млн теңгеге алдап кеткен
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Астанада бұрын істі болған алаяқ ескі әдетіне салып, тағы да адамдарды алдаған. Бұл жолы ол өзін жәбірленушілерге кәсіпкер ретінде таныстырған.
Күдікті өзін кәсіпкер деп таныстырып, жалған келісім-шарттар жасау арқылы Ресейден бәсекеге қабілетті бағамен құрылыс материалдарын жеткізуге уәде берген.
Ол өзінің "қызметін" әлеуметтік желілерде жарнамалап, құрылыс материалдарын шетелдік компаниялар арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар екенін көрсеткен.
"Күдікті жәбірленушілердің бірін 6 млн теңгеге алдап, қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған. Алаяққа барлығы 49 адам - жалпы сомасы 82 млн теңгеге алданған", - дейді прокуратура.
Прокурорлар сотталушының өз міндеттемелерін орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, жеткізу шарттарын өзінің қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында жасағанын, жымқырылған ақшалай қаражатты жеке мақсатта жұмсағанын дәлелдеді.
Бұдан бөлек күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас алаяқтық фактілері үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды.
Қылмыскер 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0