Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лукашенко Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің қаншалықты маңызды екенін айтты

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуФорум Союзного государства "Великое наследие - общее будущее"
Форум Союзного государства Великое наследие - общее будущее  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко келіссөз дұрыс жүргізілсе, Ресей мен Украина енді ешқашан соғыспайды деп мәлімдеді.
"Егер келіссөз ақылмен жүргізілсе және Украина Ресейдің, ал Ресей Украинаның талабын қабылдаса (бұл мәселелерді нақтылап, өзара анықтау қажет), Ресей Украинамен енді ешқашан соғыспайды. Ешқашан", - деді Лукашенко америкалық TIME басылымына берген сұхбатында. Сұхбаттың мәтінін беларусьтің БЕЛТА агенттігі жариялады.
Беларусь басшысы сондай-ақ Батыста айтылып жататын Ресей НАТО-мен қақтығысқа түсуге ниетті деген пікірді "барып тұрған ақымақтық" деп бағалады.
"Маған сеніңіз, олай емес. Мен мұны анық білемін. Путин мен Ресейдің әскери-саяси басшылығының НАТО-ға қарсы күресу мақсаты жоқ", - деді Беларусь президенті.
Қазақстан мен Ресей президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0