https://sputnik.kz/20250808/abaydyn-180-zhyldygy-500-den-astam-politseyden-turatyn-zhasaq-quryldy-56237164.html
Абайдың 180 жылдығы: 500-ден астам полицейден тұратын жасақ құрылды
Абайдың 180 жылдығы: 500-ден астам полицейден тұратын жасақ құрылды
Sputnik Қазақстан
Патрульдік полиция күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарады 08.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-08T09:35+0500
2025-08-08T09:35+0500
2025-08-08T10:00+0500
абай облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56236827_0:385:908:896_1920x0_80_0_0_888eab56f5ae634147aee3a4be5399fe.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Төрт өңірдің полицейлері ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған басты іс-шаралар өтіп жатқан Қарауыл ауылында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күш біріктірді.Аймақ полициясының мәліметінше, бұл күндері Абай облысына шетелдік туристерді қоса алғанда, мыңдаған қонақтар келіп жатыр.Патрульдік полиция күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарады. Ерекше назар халық көп жиналатын орындарға, жаяу жүргіншілер аймақтарына және автожол бағыттарына аударылған.Жаяу және автопатрульдеу күшейтіліп, тірек бекеттері мен жедел әрекет ету топтары кез келген жағдайда жедел көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20250801/abaydyn-180-zhyldygyna-etnoauyl-ashyldy-56106856.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56236827_0:472:908:1153_1920x0_80_0_0_0d1faaebef55dc26951b69a740320ddc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, полиция
Абайдың 180 жылдығы: 500-ден астам полицейден тұратын жасақ құрылды
09:35 08.08.2025 (жаңартылды: 10:00 08.08.2025) Патрульдік полиция күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Төрт өңірдің полицейлері ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған басты іс-шаралар өтіп жатқан Қарауыл ауылында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күш біріктірді.
Аймақ полициясының мәліметінше, бұл күндері Абай облысына шетелдік туристерді қоса алғанда, мыңдаған қонақтар келіп жатыр.
"Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 500-ден астам полиция қызметкерінен тұратын өңіраралық біріккен жасақ құрылды. Құрамында Шығыс Қазақстан облысынан – 64, Павлодар облысынан – 63 және Қарағанды облысынан – 33 қызметкер бар", - деп жазылған хабарламада.
Патрульдік полиция күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарады. Ерекше назар халық көп жиналатын орындарға, жаяу жүргіншілер аймақтарына және автожол бағыттарына аударылған.
Жаяу және автопатрульдеу күшейтіліп, тірек бекеттері мен жедел әрекет ету топтары кез келген жағдайда жедел көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.