Өрт қаупі жоғары аймақ тұрғындары баспананы сақтандыруға міндеттеледі

© Sputnik / Кирилл КаллиниковОСАГО
ОСАГО - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Мұндай талап су тасқыны мен жер сілкінісінің қаупі жоғары аймақтар үшін де енгізіледі
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдайлардан сақтандыруға арналған мемлекеттік компания құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік сақтандыру компаниясы қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне қарайды деген жоспар бар. Ал баспананы сақтандыру міндеті су тасқыны, жер сілкінісі, орман мен дала өртінің қаупі бар өңірлерде енгізіледі.
"Бұл жүйе келесі жылы енгізіледі деп ойлаймын. Сақтандыру міндеті барлық дерлік өңірде енгізіледі", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, сақтандыру жарнасы әлі анықталған жоқ. Оны жылына бір рет төлеу міндеті болады.
"Бірақ орта топ үшін, жалақысы төмен азаматтарға көп салмақ түспейді. Ал сақтандыру жарналарын жинаудың арқасында төтенше жағдайда жылдам көмек беретін қор қалыптастыруға мүмкіндік бар", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Бұдан бөлек, халықаралық қаржы ұйымында белгілі сомманы резервке қою мәселесі де қаралып жатыр. Соның есебінен төтенше жағдайда шұғыл өтемақы төлеуге болады.
қарыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Медициналық сақтандыру ақшасын әр адамның есепшотында жинауға бола ма
Жаңалықтар
0