https://sputnik.kz/20250807/bozymbaev-zhagdayy-qiyndap-ketken-onirdi-atady-56219021.html
Бозымбаев жағдайы қиындап кеткен өңірді атады
Бозымбаев жағдайы қиындап кеткен өңірді атады
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің орынбасары су тапшылығы кезінде әрбір мемлекет өз мүддесін ойлайтынын айтты 07.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-07T10:53+0500
2025-08-07T10:53+0500
2025-08-07T11:01+0500
министрлік
қанат бозымбаев
https://sputnik.kz/img/07e9/08/07/56218228_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_73b0efb7ba34d4682d30801e59b70cab.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев суармалы су жағынан жағдайы қиын өңірді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл Орталық Азияда өзендермен келетін судың мөлшері азайып кетті. Оған қоса, аймақ бойынша ауа райының температурасы жоғары болып тұр.Оның айтуынша, су тапшылығы кезінде әрбір мемлекет өз мүддесін ойлайды. Ал Қазақстан өз тарапынан суды жіберу бойынша келісілген кестені сақтауды ғана талап ете алады. Осыған байланысты Бозымбаев Қырғызстанға барып келген."Өткен аптада олар кесте бойынша 1 млрд текше метр суды жіберуді кешіктіріп жатқан. Біз алдағы екі аптада шамамен 600 млн текше метр жіберіледі деп келістік", - деді премьер-министрдің орынбасары.Оның сөзіне қарағанда, қазір Түркістан мен Қызылорда облыстарында жағдай қиын болып тұр. Бірақ "бұдан да қиын жылдар болған".
https://sputnik.kz/20250708/turkistan-oblysynda-suaru-suyn-paydalanu-erezhesin-buzgan-65-derek-anyqtaldy-55458936.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/07/56218228_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dc8eebe0cd90115e2f84e5cdb0e03214.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, қанат бозымбаев
министрлік, қанат бозымбаев
Бозымбаев жағдайы қиындап кеткен өңірді атады
10:53 07.08.2025 (жаңартылды: 11:01 07.08.2025) Премьер-министрдің орынбасары су тапшылығы кезінде әрбір мемлекет өз мүддесін ойлайтынын айтты
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев суармалы су жағынан жағдайы қиын өңірді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Орталық Азияда өзендермен келетін судың мөлшері азайып кетті. Оған қоса, аймақ бойынша ауа райының температурасы жоғары болып тұр.
"Мәселен, оңтүстік өңірлерде термометр +52-ге дейін көтерілген. Ал Қызылорда обылысында жаңбыр бес күн бұрын ғана жауған", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, су тапшылығы кезінде әрбір мемлекет өз мүддесін ойлайды. Ал Қазақстан өз тарапынан суды жіберу бойынша келісілген кестені сақтауды ғана талап ете алады. Осыған байланысты Бозымбаев Қырғызстанға барып келген.
"Өткен аптада олар кесте бойынша 1 млрд текше метр суды жіберуді кешіктіріп жатқан. Біз алдағы екі аптада шамамен 600 млн текше метр жіберіледі деп келістік", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, қазір Түркістан мен Қызылорда облыстарында жағдай қиын болып тұр. Бірақ "бұдан да қиын жылдар болған".
"Қазір Жамбыл облысында суармалы су жағынан бәрі жақсы деуге болады. Түркістанда да бәрі жақсы болуы керек. Ал Қызылорда облысында жағдай қиындау болып тұр. Мен ол жақтағы барлық маманмен сөйлескенмін. Бәрі жақсы болуы керек", - деді Бозымбаев.