Әзербайжанмен келісім жасау Арменияның ұлттық мүддесіне қайшы – Тигран Кочарян

© AP Photo / Philippe WojazerРукопожатие, архивное фото
Рукопожатие, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Вашингтонда бейбіт меморандумға қол қойса, бұл армян ұлттық мүддесіне қайшы келеді, деп мәлімдеді "Alpha News" бас редакторы Тигран Кочарян.
"Пашинянға "бейбітшілік" деген жазуы бар бір жапырақ қағаз керек. Оны Армения халқына сатып, сайлауға қатысу үшін қажет. Келіссөздердегі Пашинянның жеке кепілі – оның билікте шексіз қалуы. Бұл "бейбітшілік" нағыз бейбітшілік орнатудан гөрі кезекті капитуляцияға ұқсайтынын бәрі түсінеді", - дейді ол.
Оның айтуынша "бейбітшілік" орнату Иран мен Ресейдің де мүддесін бұзады.
"Иранның солтүстігіндегі жолды қаруланған АҚШ-тың жеке әскери компаниясы жауып тастайды. Арменияның өзі әртүрлі геосаяси орталықтардың бақылауында болады, бұл ақыр соңында Арменияны "сирияландыруға" әкелуі мүмкін", - деді ол.
Ал Түркия, Әзербайжан және АҚШ үшін бұл әбден қолайлы нұсқа.
Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Армения министрі Әзербайжанмен арадағы бейбіт келісімнің шарттарын атады
Жаңалықтар
0