Армения министрі Әзербайжанмен арадағы бейбіт келісімнің шарттарын атады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді
Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Әзербайжанмен арадағы бейбіт келісімнің шарттарын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Мирзоянды алдымен премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қабылдады. Келіссөз кезінде Арменияның сыртқы істер министрі Әзербайжанмен арадағы бейбіт келісімнің негізгі шарттарын да таныстырды.
"Мен келіссөздер кезінде Әзербайжанмен арадағы қарым-қатынасты реттеуге қатысты соңғы оқиғаларды айтып бердім. Бүгінде біз Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілікті және мемлекетаралық қарым-қатынастарды орнату туралы келісімді пысықтауға кірістік. Осы орайда Арменияның ұстанымы айқын. Ол – екі мемлекеттің территориялық тұтастығын тану және Алматы декларациясы негізінде шекараны делимитациялау. Сондай-ақ, әрбір елдің егемендігін құрметтей отырып, аймақтық коммуникациялық жолдарды ашу қажет. Әрине, гуманитарлық мәселелерді де шешу керек. Соның ішінде із-түзсіз жоғалғандардың тағдыры, әскери және азаматтық тұлғаларды босату мәселесі де бар", - деді Мирзоян келіссөзден кейінгі брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісімге қол қойып, экономикалық мүмкіндіктерге жол ашатын кез келді.
Ал Мұрат Нұртілеу Армения мен Әзербайжанның қарым-қатынастарына қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
"Біз кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу қажет деп санаймыз. Осы тұста Ереван мен Баку арасындағы бейбітшілік келісімге қол қоюға деген ниетті толығымен құптаймыз. Бұл тарихи қадам өңірдегі жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, қарқынды экономикалық, көлік-транзиттік және энергетикалық ынтымақтастыққа елеулі серпін беретініне сенімдіміз", - дейді Нұртілеу.
В Акорде торжественно встретили президента Армении Хачатуряна - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Армения президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Жаңалықтар
0