https://sputnik.kz/20250807/astanada-syyaqy-almagan-sportshy-ministrlikti-sotqa-berdi-56219742.html
Астанада сыйақы алмаған спортшы министрлікті сотқа берді
Астанада сыйақы алмаған спортшы министрлікті сотқа берді
Sputnik Қазақстан
Спортшы 2016 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен 07.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-07T12:06+0500
2025-08-07T12:06+0500
2025-08-07T12:16+0500
министрлік
сот
https://sputnik.kz/img/1207/19/12071995_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e33c2086e474b6bac5adf65bd7f4848e.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада кір көтеру спортының ардагері мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақтан тілшісі.Сотқа жүгінген кір көтеру спортының ардагері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы 2016 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол 2016-2017 жылғы жарыстарда алған жүлделі орындары үшін ақшалай сыйақы төлеу туралы өтінішпен мәдениет және спорт министрлігіне жүгінген.Әкімшілік іс Астана қаласының әкімшілік-қауіпсіздік істері сотында қаралды."Істі қарау барысында талапкердің шынымен де кір көтеру спортынан халықаралық жарыстардың жүлдегері екендігі және Қазақстан атынан өнер көрсеткенін анықтады. Министрлік төлем жасаудан негізсіз бас тартқан. Себебі талап қою мерзімі әкімшілік және бюджет қатынастарына қолданылмайды және төлемдер туралы қолданыстағы ережелер өтініштерді беру мерзіміне шектеу қоймайды", - дейді ведомстводағылар.Министрлік дәл осындай жағдай бойынша 2021-2024 жылдар аралығында төлемдер жасаған."Сот министрліктің 2016 және 2017 жылдардағы жүлде төлемдерінен бас тартуын заңсыз деп танып, тиісті төлемдерді жүзеге асыруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді", - дейді соттағылар.
https://sputnik.kz/20250719/ulttyq-sport-olimpiadalyq-sport-turlerimen-qatar-basymdyqqa-ie-bolady--55769238.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1207/19/12071995_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9cf7549c690eb00af25bb45dabcfc108.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, сот
Астанада сыйақы алмаған спортшы министрлікті сотқа берді
12:06 07.08.2025 (жаңартылды: 12:16 07.08.2025) Спортшы 2016 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада кір көтеру спортының ардагері мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақтан тілшісі.
Сотқа жүгінген кір көтеру спортының ардагері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы 2016 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол 2016-2017 жылғы жарыстарда алған жүлделі орындары үшін ақшалай сыйақы төлеу туралы өтінішпен мәдениет және спорт министрлігіне жүгінген.
"Алайда, министрлік талап қою мерзімі аяқталды деп төлем жасаудан бас тартқан. Бұл шешіммен келіспеген спортшы сотқа шағымданды", - дейді Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты.
Әкімшілік іс Астана қаласының әкімшілік-қауіпсіздік істері сотында қаралды.
"Істі қарау барысында талапкердің шынымен де кір көтеру спортынан халықаралық жарыстардың жүлдегері екендігі және Қазақстан атынан өнер көрсеткенін анықтады. Министрлік төлем жасаудан негізсіз бас тартқан. Себебі талап қою мерзімі әкімшілік және бюджет қатынастарына қолданылмайды және төлемдер туралы қолданыстағы ережелер өтініштерді беру мерзіміне шектеу қоймайды", - дейді ведомстводағылар.
Министрлік дәл осындай жағдай бойынша 2021-2024 жылдар аралығында төлемдер жасаған.
"Сот министрліктің 2016 және 2017 жылдардағы жүлде төлемдерінен бас тартуын заңсыз деп танып, тиісті төлемдерді жүзеге асыруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді", - дейді соттағылар.