Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болады

© SputnikҰлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болады
Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2025
Жазылу
Бұл ұлттық спортты мақсатты түрде қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде тануға жол ашады
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Биылдан бастап Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Маусым айында күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен бір деңгейде басым бағыттар қатарына енгізілді.
Бұл ұлттық спортты мақсатты түрде қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде тануға жол ашады.
Бүгінде елімізде 11 ұлттық спорт түрі белсенді дамып келеді:
асық ату;
аударыспақ;
бәйге;
дәстүрлі садақ ату;
жамбы ату;
жекпе-жек;
көкпар;
қазақ күресі;
құсбегілік;
теңге ілу
тоғызқұмалақ.
Оның төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген (құсбегілік, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және асық ату).
Айта кетері, 2024 жылдың қыркүйек айында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Бұл дүбірлі додаға 89 елден 2700 спортшы қатысқан болатын.
Президент Токаев осмотрел село Родина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Спорт
Қазақстанда 62 млрд теңгеге ұлттық спорт орталығы салынады
Жаңалықтар
0