https://sputnik.kz/20240912/qazaqstanda-62-mlrd-tengege-ulttyq-sport-ortalygy-salynady-47033064.html
Қазақстанда 62 млрд теңгеге ұлттық спорт орталығы салынады
Қазақстанда 62 млрд теңгеге ұлттық спорт орталығы салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алдағы республикалық бюджетке ұлттық спорт орталығының құрылысы енгізілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы... 12.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-12T11:45+0500
2024-09-12T11:45+0500
2024-09-12T14:41+0500
спорт
https://sputnik.kz/img/07e8/08/10/46373592_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a56bb235cb012802311ccd77755f0abb.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алдағы республикалық бюджетке ұлттық спорт орталығының құрылысы енгізілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды. Оған сәйкес, келесі жылы бюджеттің шығыстары 25,8 трлн теңге болады. Бұл биылғы шығындармен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге артық. Соның басым бөлігі - әлеуметтік төлем, шәкіртақы, ғылыми атақтарға берілетін ақы мен денсаулық саласына кететін шығыс."Келесі басым бағытымыз - туризм мен спортты дамыту. Бұл бағытта 2025 жылы 141 млрд теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға, атап өтетін болсақ, ұлттық спорт орталығын салуға 62 млрд теңге қарастырылған",-деді Бейсенбекұлы.Бұдан бөлек, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қаржы бөлінеді.Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген вице-министр Бейсенбекұлы ұлттық орталықтың Астанадағы ипподромның жанында салынып жатқанын айтты.
https://sputnik.kz/20240827/natizhege-bas-auyrtpaydy-toqaev-sport-salasyna-zhauaptylardy-synady-46614339.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/10/46373592_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_36e3e9bcde880f1beca94d9e59d03b07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қазақстанда 62 млрд теңгеге ұлттық спорт орталығы салынады
11:45 12.09.2024 (жаңартылды: 14:41 12.09.2024) АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алдағы республикалық бюджетке ұлттық спорт орталығының құрылысы енгізілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды. Оған сәйкес, келесі жылы бюджеттің шығыстары 25,8 трлн теңге болады. Бұл биылғы шығындармен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге артық. Соның басым бөлігі - әлеуметтік төлем, шәкіртақы, ғылыми атақтарға берілетін ақы мен денсаулық саласына кететін шығыс.
"Келесі басым бағытымыз - туризм мен спортты дамыту. Бұл бағытта 2025 жылы 141 млрд теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға, атап өтетін болсақ, ұлттық спорт орталығын салуға 62 млрд теңге қарастырылған",-деді Бейсенбекұлы.
Бұдан бөлек, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қаржы бөлінеді.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген вице-министр Бейсенбекұлы ұлттық орталықтың Астанадағы ипподромның жанында салынып жатқанын айтты.