Шығын - 740 млн теңге: Ақтөбе облысында көліктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Қылмыстық топ жалған мәліметтер арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген
АСТАНА, 7 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агеттігі.
Қылмыстық топ жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеген.
"Күдіктілер жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, "Автоіздеу" ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген", - дейді ведомстводағылар.
Агенттік мәліметінше, бұл қылмыс Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық төлемеу үшін жасалған.
Мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты. Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
ХҚКО операторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Ресей азаматының атынан жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері сотталды
Жаңалықтар
0