https://sputnik.kz/20250729/resey-azamatynyn-atynan-zhuyege-zhalgan-malimetter-engizgen-khqko-qyzmetkeri-sottaldy-56023880.html
Ресей азаматының атынан жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері сотталды
Ресей азаматының атынан жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T18:29+0500
2025-07-29T18:29+0500
2025-07-29T19:03+0500
астана
хқко
сот
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652383_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_83fb8de12eca3af4f6e853fd9e04e3fa.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ХҚКО қызметкерін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 8 қазанында "Т" есімді әйел ХҚКО қызметкері болып жұмыс істегенде Ресей Федерациясы азаматы атынан ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде белгісіз біреулер банкте шот ашқан. Оған жәбірленушінің 40 миллион теңгесі аударылды.Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамады, адвокаты оны ақтауды өтінді.Судья ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізген әйелді кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Бірақ рақымшылық туралы заңның негізінде жазаның мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті 2 жыл қауіпсіздігі минималды мекемеде өтеу белгіленді.Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында сот үкімі ХҚКО операторларының қатысуымен жарияланды.
https://sputnik.kz/20250723/astana-turgyny-alayaqtyq-zhasagany-ushin-ekinshi-ret-sottaldy--55857007.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652383_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_11734377c8710da3d07bb3cd7a455a92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, хқко, сот
Ресей азаматының атынан жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері сотталды
18:29 29.07.2025 (жаңартылды: 19:03 29.07.2025) Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ХҚКО қызметкерін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 8 қазанында "Т" есімді әйел ХҚКО қызметкері болып жұмыс істегенде Ресей Федерациясы азаматы атынан ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде белгісіз біреулер банкте шот ашқан. Оған жәбірленушінің 40 миллион теңгесі аударылды.
Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамады, адвокаты оны ақтауды өтінді.
Судья ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізген әйелді кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Бірақ рақымшылық туралы заңның негізінде жазаның мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті 2 жыл қауіпсіздігі минималды мекемеде өтеу белгіленді.
Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында сот үкімі ХҚКО операторларының қатысуымен жарияланды.