Жетісу облысында найзағай соққан ер адам тіл тартпай кетті

CC0 / / Архивное фото молнии во время грозы
Архивное фото молнии во время грозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Жазылу
Қайғылы оқиға 3 тамызда болған
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Ескелді ауданының тұрғынын найзағай соқты, ол сол мезетте көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 тамызда болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қимылсыз жатқан адамды, екі ат пен итті көруге болады.
"Найзағай соққан адам мал бағып жүрген. Малшы көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомство.
Марқұмды найзағай соққанын онымен бірге жүрген малшы хабарлаған.
Архивное фото молнии во время грозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Перуде футболшыларды найзағай соқты – біреуі көз жұмды
Жаңалықтар
0