Перуде футболшыларды найзағай соқты – біреуі көз жұмды

© AFP 2024 / PATRICK PLEULАрхивное фото молнии во время грозы
Архивное фото молнии во время грозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Перуде футболшыларды алаңда найзағай соқты, біреуі көз жұмды.
Трагедия жергілікті "Хувентуд Беллависта" және "Фамилия Чокка" командалары арасындағы матч кезінде болды.
23-минутта дауыл соғып, төреші ойынды тоқтатуға шешім қабылдаған, деп хабарлады AP News.
Спортшылар алаңнан кетіп бара жатқанда, найзағай түсіп, 39 жастағы қорғаушы Хосе Уго де ла Круc Меcа сол жерде қаза тапты.
Соққы кезінде бірнеше адам бірден құлап, екі адам ауыр күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Жаңалықтар
0