https://sputnik.kz/20250806/qazaqstan-askerileri-maskeudegi-qyzyl-alanda-oner-korsetedi-56201097.html
Қазақстан әскерилері Мәскеудегі Қызыл алаңда өнер көрсетеді
Қазақстан әскерилері Мәскеудегі Қызыл алаңда өнер көрсетеді
Sputnik Қазақстан
Ұжым тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және басқа да шет мемлекеттерде сан мәрте өнер көрсеткен 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T11:53+0500
2025-08-06T11:53+0500
2025-08-06T11:56+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/1008/57/10085773_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_4c400589d7e08bfca00b5128c4ab6402.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің әскери музыканттары мен құрмет қарауылы Мәскеудің Қызыл алаңында тағы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Мәскеуде 22–31 тамыз аралығында XVII Халықаралық әскери-музыкалық "Спасск мұнарасы" фестивалі өтеді. Биылғы шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.1995 жылы құрылған қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі мемлекеттік және әскери салтанатты рәсімдерге, шерулер мен концерттерге қатысады. Ұжым тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және басқа да шет мемлекеттерде сан мәрте өнер көрсеткен. Оркестр тарихындағы ерекше оқиға - Лондонда өткен беделді Lord Mayor’s Show фестивалі. Сол кезде олар үздік әскери ұжым ретінде танылды.Осы жолы да қазақстандық әскери музыканттар "Спасск мұнарасы" фестивалінде жоғары орындаушылық шеберлігін, саптық даярлығы мен сахналық мәдениетін көрсетеді.
https://sputnik.kz/20250606/maskeude-qazaqstandyqtardyn-sogys-zhyldaryndagy-quzhattary-tanystyryldy-54367768.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/57/10085773_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_41ca739f8967d8309fe487fe78d7eb39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қазақстан әскерилері Мәскеудегі Қызыл алаңда өнер көрсетеді
11:53 06.08.2025 (жаңартылды: 11:56 06.08.2025) Ұжым тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және басқа да шет мемлекеттерде сан мәрте өнер көрсеткен
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің әскери музыканттары мен құрмет қарауылы Мәскеудің Қызыл алаңында тағы өнер көрсетеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәскеуде 22–31 тамыз аралығында XVII Халықаралық әскери-музыкалық "Спасск мұнарасы" фестивалі өтеді. Биылғы шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.
"Фестивальде Қазақстан қарулы күштерінің атынан ұлттық әскери-патриоттық орталықтың орталық әскери оркестрі мен құрмет қарауылы ротасы өнер көрсетеді. Шығармашылық құрамда қорғаныс министрлігі орталық ансамблінің би труппасы мен фольклорлық-этнографиялық ансамблі де бар. Ал музыкалық бағдарламасына қазақтың ұлттық әуеніне негізделген шығармалар, классикалық және қазіргі заманғы композициялардың түпнұсқалық аранжировкалары енген", - делінген ресми хабарламада.
1995 жылы құрылған қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі мемлекеттік және әскери салтанатты рәсімдерге, шерулер мен концерттерге қатысады. Ұжым тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және басқа да шет мемлекеттерде сан мәрте өнер көрсеткен. Оркестр тарихындағы ерекше оқиға - Лондонда өткен беделді Lord Mayor’s Show фестивалі. Сол кезде олар үздік әскери ұжым ретінде танылды.
Осы жолы да қазақстандық әскери музыканттар "Спасск мұнарасы" фестивалінде жоғары орындаушылық шеберлігін, саптық даярлығы мен сахналық мәдениетін көрсетеді.