https://sputnik.kz/20250606/maskeude-qazaqstandyqtardyn-sogys-zhyldaryndagy-quzhattary-tanystyryldy-54367768.html
Мәскеуде қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігіне арналған фотокітап жарық көрді
Мәскеуде қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігіне арналған фотокітап жарық көрді
Sputnik Қазақстан
Халықаралық конференция барысында мұрағат саласын цифрлық дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды, тәжірибе алмасу... 06.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-06T19:32+0500
2025-06-06T19:32+0500
2025-06-06T22:23+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54353133_0:0:3153:1774_1920x0_80_0_0_87fbe4957a1ef68e42a36aa8e40b4b1d.jpg
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Мәскеуде "Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар жасаған ерліктердің құжаттық дәлелі" атты фотокітап таныстырылды.Кітапты Қазақстан мен Ресей мұрағаттары дайындады, деп хабарлады ведомстводағылар.Қазақстан мәдениет министрлігінің хабарлауынша, 2-7 маусым аралығында Ресей астанасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXI отырысы өтуде.Мәскеуде қазақстандық делегация жаңа мұрағат нысандарымен, мұражай экспозицияларымен танысып, ресейлік мұрағат мекемелерінің цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерттеді.Сондай-ақ іс-шаралар барысында Беларусь және Өзбекстан мұрағат қызметтерінің басшыларымен кәсіби ынтымақтастықты кеңейту және мұрағат саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Келесі кездесу 2026 жылы өтеді.
https://sputnik.kz/20250408/almatyda-askeri-qyzmetshiler-khalyq-qaarmandary-eskertkishterinin-manyn-retke-keltirdi-52302057.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54353133_125:0:2854:2047_1920x0_80_0_0_8b858221ee50ecca3601e676e46f4d15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Мәскеуде қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігіне арналған фотокітап жарық көрді
19:32 06.06.2025 (жаңартылды: 22:23 06.06.2025) Халықаралық конференция барысында мұрағат саласын цифрлық дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Мәскеуде "Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар жасаған ерліктердің құжаттық дәлелі" атты фотокітап таныстырылды.
Кітапты Қазақстан мен Ресей мұрағаттары дайындады, деп хабарлады ведомстводағылар.
Қазақстан мәдениет министрлігінің хабарлауынша, 2-7 маусым аралығында Ресей астанасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXI отырысы өтуде.
"Сапар аясында мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Ресей комиссиясының VI отырысы өтті. Тараптар бірлескен жобаларды талқылап, тиімді тәжірибе алмасудың нақты тетіктерін анықтады. Халықаралық конференция барысында мұрағат саласын цифрлық дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Мәскеуде қазақстандық делегация жаңа мұрағат нысандарымен, мұражай экспозицияларымен танысып, ресейлік мұрағат мекемелерінің цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерттеді.
Сондай-ақ іс-шаралар барысында Беларусь және Өзбекстан мұрағат қызметтерінің басшыларымен кәсіби ынтымақтастықты кеңейту және мұрағат саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Келесі кездесу 2026 жылы өтеді.