https://sputnik.kz/20250806/azerbayzhan-alakolde-emdeu-sauyqtyru-keshenin-salady-56186066.html
Әзербайжан Алакөлде емдеу-сауықтыру кешенін салады
Әзербайжан Алакөлде емдеу-сауықтыру кешенін салады
Sputnik Қазақстан
Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T09:56+0500
2025-08-06T09:56+0500
2025-08-06T09:56+0500
алакөл
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45680623_0:1422:2048:2574_1920x0_80_0_0_98d72afd706a671775d1d5ef2e8ef0d0.jpg
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Облыс әкімі Берік Уәли Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байелмен және Әзербайжан кәсіпкерлері делегациясымен кездесті, деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.Делегация Алакөл жағалауында халықаралық деңгейдегі емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жөнінде ұсыныс айтып, инвестициялық жобаны таныстырды.Бұл туристік нысан Алакөлде жыл бойы жұмыс істеп, бір мезетте 800 адамға дейін қабылдай алады.Инвестиция көлемі – 20 миллион АҚШ доллары. Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтып, медицина мен демалысты тоғыстырған жаңа кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.Аймақ басшысы туристік жобаның өңір үшін маңызды екенін айтты."Қазіргі таңда Алакөл туристік аймағының бас жоспары әзірленіп жатыр. Сол жерден орын бөлуге дайынбыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады", - деді облыс әкімі.
https://sputnik.kz/20250729/turik-kompaniyasy-astanada-sendvich-panelder-shygaratyn-zauyt-salady-56020387.html
алакөл
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45680623_0:1194:2048:2730_1920x0_80_0_0_463857a2f6b6c13a9d454fdfb132c46c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, әзербайжан
Әзербайжан Алакөлде емдеу-сауықтыру кешенін салады
Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Облыс әкімі Берік Уәли Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байелмен және Әзербайжан кәсіпкерлері делегациясымен кездесті, деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Делегация Алакөл жағалауында халықаралық деңгейдегі емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жөнінде ұсыныс айтып, инвестициялық жобаны таныстырды.
Бұл туристік нысан Алакөлде жыл бойы жұмыс істеп, бір мезетте 800 адамға дейін қабылдай алады.
Инвестиция көлемі – 20 миллион АҚШ доллары. Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтып, медицина мен демалысты тоғыстырған жаңа кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"2024 жылы Қазақстан-Әзербайжан бірлескен инвестициялық қорын құрдық. Егер Алакөл жобасы сәтті жүзеге асса, бұл аталған қор аясында іске асатын алғашқы жобалардың бірі болады", - деді Әлім Байел.
Аймақ басшысы туристік жобаның өңір үшін маңызды екенін айтты.
"Қазіргі таңда Алакөл туристік аймағының бас жоспары әзірленіп жатыр. Сол жерден орын бөлуге дайынбыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады", - деді облыс әкімі.