https://sputnik.kz/20250729/turik-kompaniyasy-astanada-sendvich-panelder-shygaratyn-zauyt-salady-56020387.html
Түрік компаниясы Астанада сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салады
Түрік компаниясы Астанада сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салады
Sputnik Қазақстан
Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T15:46+0500
2025-07-29T15:46+0500
2025-07-29T15:47+0500
президент
түркия
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1d/56019890_81:0:1199:629_1920x0_80_0_0_bd42deaf406b544ece2e557bb5ffdd3c.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. ️Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды.Сонымен қатар Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарымен бөлісті.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды.Президент елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді.Бұл ретте Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба "Қазпошта" акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.Хусейн Барлин жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ компанияның алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика орталығын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
https://sputnik.kz/20250729/toqaev-mustafa-kemal-ataturik-kesenesine-ziyarat-etti-foto-56019147.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1d/56019890_221:0:1060:629_1920x0_80_0_0_1bbdc7bd9d8e73b55dc4d9373105ae98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, түркия
Түрік компаниясы Астанада сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салады
15:46 29.07.2025 (жаңартылды: 15:47 29.07.2025) Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. ️Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды.
Сонымен қатар Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарымен бөлісті.
"Мемлекет басшысы холдингтің Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан қызығушылығын және елімізде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді
қабылдады. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды.
Президент елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді.
Бұл ретте Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба "Қазпошта" акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.
Хусейн Барлин жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ компанияның алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика орталығын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.