Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде жарылғыш заттар ұрланған

© Photo : Пресс-служба КНБ КазахстанаВ КНБ показали изъятое в восьми регионах Казахстана оружие
В КНБ показали изъятое в восьми регионах Казахстана оружие  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде өткізген жедел шаралардың нәтижесінде 45 атыс қаруы мен 20 кг жарылғыш затты тәркіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шілде айында прокуратураның үйлестіруімен ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірқатар жедел іс-шара өткізілді.

"45 атыс қаруы, оның ішінде 6 Калашников автоматы, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылды. 20 кг жарылғыш зат тәркіленді.
Туфля на высоком каблуке и наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат "қойған" әйел ұсталды
Жаңалықтар
0