https://sputnik.kz/20250128/oskemende-politsiya-bolimine-zharylgysh-zat-qoygan-ayel-ustaldy-50368519.html
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат "қойған" әйел ұсталды
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат "қойған" әйел ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T21:34+0500
2025-01-28T21:34+0500
2025-01-28T21:34+0500
жарылғыш зат
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0b/15174784_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d45a44fec1cf3f972cc4abf0ad69192e.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады. Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған. Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Полицейлер азаматтардан барлық жағдайда жауапкершілік танытуды сұрайды, себебі осындай жалған қоңыраулар мен хабарламалар айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертеді.
https://sputnik.kz/20230904/zharylgysh-zat-turaly-zhalgan-khabarlama-ushin-qansha-adam-sottaldy-38162755.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0b/15174784_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2c36f4868b5346413edb53a2ebffb7b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылғыш зат, полиция
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат "қойған" әйел ұсталды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады. Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.
Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған. Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Полицейлер азаматтардан барлық жағдайда жауапкершілік танытуды сұрайды, себебі осындай жалған қоңыраулар мен хабарламалар айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертеді.