Саясат

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел встречу с президентом Туркменистана Сердаром Бердымухамедовым
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с президентом Туркменистана Сердаром Бердымухамедовым   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.
Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Тоқаев БҰҰ конференциясындағы делегацияны Астанадағы экологиялық саммитке қатысуға шақырды
Жаңалықтар
0