Саясат Нұрбек білім гранттарын бөлу жөніндегі комиссия жұмысын аяқтағанын хабарлады

© Sputnik / Болат ШайхиновВыпускники школы №77 города Астаны
Выпускники школы №77 города Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттары қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен бөлінді.
"Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", - деп атап өтті министр.
Грант тағайындау конкурсының нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық көздерінде және әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.
Массовые беспорядки в Алматы, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған балалар университетте тегін оқиды
Жаңалықтар
0