https://sputnik.kz/20250804/ushqysh-garyshker-talgat-musabaev-qaytys-boldy-56140973.html
Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев қайтыс болды
Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Халық қаһарманының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T08:03+0500
2025-08-04T08:03+0500
2025-08-04T08:22+0500
ғарышкер
https://sputnik.kz/img/07e9/08/04/56141304_0:126:1156:776_1920x0_80_0_0_87971dd13dfbfe235b00876430e120ff.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев қайтыс болды. Президент Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев ғарышкердің үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға болғанын еске салды.Ол отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті, деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20250803/toqaev-almatynyn-zhogargy-boliginde-qurylys-zhurgizuge-uaqytsha-tyyym-saldy--56138061.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/04/56141304_0:18:1156:884_1920x0_80_0_0_d3fbb7611a8772f5f00c7fce968adf8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғарышкер
Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев қайтыс болды
08:03 04.08.2025 (жаңартылды: 08:22 04.08.2025) Мемлекет басшысы Халық қаһарманының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев қайтыс болды.
Президент Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады
Ақорда.
Тоқаев ғарышкердің үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға болғанын еске салды.
Ол отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті, деді мемлекет басшысы.
"Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.