https://sputnik.kz/20250803/toqaev-almatynyn-zhogargy-boliginde-qurylys-zhurgizuge-uaqytsha-tyyym-saldy--56138061.html
Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты үйлер салуға мораторий енгізуді тапсырды
Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты үйлер салуға мораторий енгізуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Бұл шектеудің әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және туристік кластер жобаларына қатысы жоқ 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T17:43+0500
2025-08-03T17:43+0500
2025-08-03T17:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
алматы
құрылыс
дархан сатыбалды
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27378790_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e49cc5590ab70cf88a8dd44a028f9dd1.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.Кездесуде әкім шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Биылғы алғашқы жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11%-ке өсіп, негізгі капиталға инвестиция көлемі 25,4%-ке артқан. Дархан Сатыбалды полицентристік даму, аудандар арасындағы байланысты күшейту және қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жайын да айтты.Президент шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды.Бұл шектеу бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес. Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.
https://sputnik.kz/20241018/zhana-metro-zhane-lrt-stantsiyalary-almaty-akimi-qurylys-zhosparlary-turaly-aytty-47923300.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27378790_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_08d1a82c3de269ae5902b657617532b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, алматы, құрылыс, дархан сатыбалды
қасым-жомарт тоқаев, алматы, құрылыс, дархан сатыбалды
Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты үйлер салуға мораторий енгізуді тапсырды
17:43 03.08.2025 (жаңартылды: 17:49 03.08.2025) Бұл шектеудің әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және туристік кластер жобаларына қатысы жоқ
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.
Кездесуде әкім шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Биылғы алғашқы жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11%-ке өсіп, негізгі капиталға инвестиция көлемі 25,4%-ке артқан.
Дархан Сатыбалды полицентристік даму, аудандар арасындағы байланысты күшейту және қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жайын да айтты.
Президент шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды.
Бұл шектеу бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.
Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.