Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Польшадан 120 миллион еуро кредит сұрады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуГорода мира. Варшава
Города мира. Варшава - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Киев қару-жарақ сатып алу үшін Варшавадан 120 миллион еуро кредит сұрап отыр, деп хабарлады дүйсенбі күні Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига.
Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский 1 тамызда Сибигамен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Варшаваның биыл Украинаға 48-ші және 49-шы әскери көмек пакеттерін беруге дайындалып жатқанын айтты.
"Польшаның "Перундары" (Әуе қорғанысы зымыран жүйесі – ред.) өте тиімді, олар ұрыс даласында сынақтан өтті, біз оларды сатып алуға дайынбыз. Бұл Сикорский мырзамен кредит алу мүмкіндігіне қатысты талқылау тақырыптарының бірі болды. Осы кредит есебінен біз Польшадан қорғаныс өнеркәсібінің өнімдерін сатып алуға дайынбыз", - деді Сибига Укринформ агенттігіне берген сұхбатында.
СІМ басшысы әңгіме 120 миллион еуро көлеміндегі кредит туралы болып жатқанын нақтылады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Пентагон Украинаға Patriot кешенін техникалық қолдауға ақша бөлді
Жаңалықтар
0