https://sputnik.kz/20250804/qostanay-oblysynda-17-auyl-ishimdikten-bas-tartqan-56152279.html
Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартқан
Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартқан
Sputnik Қазақстан
7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ке азайған 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T19:34+0500
2025-08-04T19:34+0500
2025-08-04T19:34+0500
қостанай облысы
ішімдік
ауыл
https://sputnik.kz/img/old/884/30/8843054_0:281:2645:1769_1920x0_80_0_0_faec8b8999d0f55dbfec08104695d6d2.jpg
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.Қостанай облысында "Мәдени қоғам" жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ең маңызды жетістіктерінің бірі — өңірдегі 17 ауылдың алкогольден толық бас тартуы.Сондай-ақ "Мәдени қоғам" аясында ішімдік сататын орындарға рейдтер ұйымдастырылады. Биыл жыл басынан бері 217 заң бұзушылық анықталған.Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, 7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ке азайған. Алайда қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал шығарушылар мен ішімдік ішуге әуес адамдарды бақылау жұмыстары жалғасуда.Жыл басынан бері сот 2600 адамға алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы шешім шығарған. "Мәдени қоғам" жобасы Қостанай облысында 2024 жылғы қыркүйектен бастап жүзеге асырылуда.Жобаның басты мақсаты — құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттермен күресу және салауатты мәдени ортаны дамыту.
https://sputnik.kz/20250212/atyrau-oblysynda-bir-auyl-tugeldey-ishimdikten-bas-tartqan-50789149.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/884/30/8843054_0:33:2645:2017_1920x0_80_0_0_d4d5569d59bdf77a579602e251764cc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, ішімдік, ауыл
қостанай облысы, ішімдік, ауыл
Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартқан
7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ке азайған
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында 17 ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қостанай облысында "Мәдени қоғам" жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ең маңызды жетістіктерінің бірі — өңірдегі 17 ауылдың алкогольден толық бас тартуы.
"Қалалар мен ауылдарда құрметті ақсақалдар, дін өкілдері, белсенді азаматтардан құралған қоғамдық комиссиялар жұмыс істейді. Олар алкогольге тәуелді жандарға көмектесіп, рухани қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған хабарламада,
Сондай-ақ "Мәдени қоғам" аясында ішімдік сататын орындарға рейдтер ұйымдастырылады. Биыл жыл басынан бері 217 заң бұзушылық анықталған.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, 7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ке азайған. Алайда қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал шығарушылар мен ішімдік ішуге әуес адамдарды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Жыл басынан бері сот 2600 адамға алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы шешім шығарған. "Мәдени қоғам" жобасы Қостанай облысында 2024 жылғы қыркүйектен бастап жүзеге асырылуда.
Жобаның басты мақсаты — құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттермен күресу және салауатты мәдени ортаны дамыту.